Халықаралық іздеуде жүрген қызылордалық жігіт Қарағанды қаласында саябақтың бірінде қолға түсті.

Бұл бағытта Қызылорда және Қарағанды облыстары полиция департаменттерінің криминалдық полиция басқармаларының қызметкерлері бірлескен түрде жедел іздестіру шараларын жүргізді. «Нәтижесінде тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген қызылордалық жігіт Қарағанда қаласында саябақтың бірінде ұсталды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7,9-тармақтары бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда. Онда бұзақылық ниетпен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен өлтіруге оқталу жағдайы көрсетілген», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Күдікті азаматқа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!