Жаңадан қосылған Threads әлеуметтік желісі 48 сағат ішінде 70 миллионнан астам пайдаланушы жинады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Маңызды ақпаратты Meta компаниясының құрылтайшысы Марк Цукерберг қуана хабарлады.

«Қолданба 6 шілдеде қолданысқа берілгенімен, біз күткеннен де жоғары нәтиже беруде», – деді ол Threads парақшасында. 

Қосымша Twitter сияқты жұмыс істейді: мәтіндік хабарламаларға лүпіл басуға, бөлісуге және комментарий білдіруге болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!