РБК басылымы ресейліктердің төлем қабілетіне қатысты зерттеу жүргізді. Нәтижесінде ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істейтін отбасы 8 ай 21 күнде автокөлік сатып алады-мыс.

Қысқаша айтқанда, біреуінің табысы ас-ауқат, киім-кешек пен коммуналды төлем жасауға кетсе, екіншісінің айлығы толығымыен сандыққа салынады.

Ал енді бұл зерттеуді Қазақстанға икемдесек, біздің елдегі жағдай да осыған ұқсайтынын аңғарамыз. Біздің елде жүрілген машинаның орташа бағасы 2 миллион теңге шамасында десек, Статистика комитетінің есебі бойынша, орташа айлық 209 мың теңге шамасында екен.

Алайда айлық мөлшері әр өңірде әртүрлі. Мысалы, Атырау мен Маңғыстау облысында – 386.7 және 317.7 мың теңге, Нұр-Сұлтанда – 282.5 мың теңге, Алматыда – 238.7 мың, ал Шымкентте – 164.2 мың теңге. Дегенмен ресейлік мамандардың кеңесіне сүйеніп, артық шығын шығармай, ақша жинағандар жоғарыда аталған мерзімде ескілеу болса да, жүретін көлік сатып ала алады.