Жол қауіпсіздік ережесін түсіндіру мақсатында облыста «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтуде. Маңызды шара 16 маусымға дейін жалғасады. Бұл істе жол сақшылары ереже бұзушыларды анықтап қана қоймай, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Көшелерге қосымша жол белгілерін орнатуға ұсынысын береді.

– Халық көп жиналған аумақтарда, жаяу жүргіншілер өткелде­рін­де еріктілермен бірігіп, жол көлік оқиғаларының алдын алу бағытында үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде. Жалпы тұрғын­дардың жол ережесін білуіне және сақтауына жақсы баға береміз. Себебі статистикалық мәліметтерге сәйкес, жол көлік оқиғасы, оның ішінде жаяу жүргіншілер тарапынан жол ережесін бұзу дерек­тері жылдан жылға төмендеуде. Ағымдағы жылдың 5 ай қоры­тындысымен жол көлік оқиғалары 12 пайызға, жарақат алғандар 6 пайызға азайды. Жалпы ауыр дене жарақатын алған жол көлік оқиғасы республикалық маңызы бар тас жолда орын алуда, – деді Қызылорда ОПД басқарма бастығының орынбасары Бақыт Молдабеков.

Департамент жол көлік оқиғаларын азайту мақсатында күн сәулесінен қуат алатын диодты жарық және қозғалысты реттейтін белгілерді көбейтуге ұсыныс беруде.