Тоқты

Апта басы қызықты жаңалықтарға толады. Белен алатын оқиғалар сіздің бастамаңыз арқылы өрбиді. Қолыңыздан келетін істі жетілдіріп, өмірге өзгеріс енгізуге ұмтылыңыз. Жан тебірентерлік қайталанбас оқиға күтіп тұрғаның естен шығармағаныңыз.

Торпақ

Апта барынша қызықты әрі сәтті өтеді. Айналада болған оқиғаларға қызығушылық танытып, қоғамдық өмірде белсенді боласыз. Көңілді кеште айналадағы адамдардың көзайымына айналып, өмірге өзгеріс енгізетін беделді жанмен танысуыңыз ықтимал.

Егіздер

 «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» демекші, өзіңіз тауып алған қиындықтармен күресуге тура келеді. Ішкі жан дүниеңіздің мықтылғынын арқасында айналадағы оқиғаларды жеңесіз. Қиындықтан қорықпасаңыз, жеңістің сіз жақта болады.

Шаян

Құпия істер мен жеке өміріңізге қатысты шаруа өміріңізді маңызды рөль атқарады. Бастаған іске күмәнмен қарап, үрейленуі мүмкін. Мазалап жүрген мәселелердің шешімі тауып көңіліңіз орнына келеді.

Арыстан

Жақын арада тауға саяхаттайсыз. Дегенмен сәл қиындық туындауы мүмкін. Берілмей, істі соңына дейін жеткізсеңіз, бәрі жоспарлағандай болады. Өзіңіз білмейтін белгісіз, қырыңызды ашуыңыз мүмкін. Соны тұншықтырып алмаңыз.

Бикеш

Жинақылық, жауапкершілік сізге серік болады. Бірақ көңіл көтеруді жақсы көретін жандар өзін көп нәрседен тыяды. Есесіне, еңбегіңіздің жемісін көресіз. Одан бөлек, кәсібіңіз біршама уақыт қаржымен қамтамасыз етеді. Мол пайда түседі. Достарыңызға көңіл бөлуді ұмытпаған жөн. Қажетті энергияны айналадағы адамдар береді

Таразы

Бар назарыңызды жұмысқа бөліп, қарым-қатынасқа келгенде тұйықталып қалдыңыз. Өзгеріс енгізіп, аптаны достар мен отбасыға арнаңыз. Бірақ кез келген адамға сыр айқтара бермеген жөн. Осы аптада көп шығындаласыз. Жаңа дизайнерлік киім, жиһаз бен техникалар сатып аласыз. Бірақ шығындалу жаңа табыс көзін іздеуге бастама болады.

Сарышаян

Алдағы апта сіз үшін түрлі сынаққа толы болады. Әріптестерен арада түсініспеушілік және қаржы қиындықтары болады. Бірақ ашық-жарқын жандар бұдан бір жолын тауып шығады. Құмар ойыннан алшақ болған жөн.

Мерген

Бүгін романтикалық кешке немесе маңызды кездесуге баруыңыз мүмкін. Болашаққа жоспар құрып, достардың ортасында демалуға қолайлы уақыт болады. Жақындырмен ренжісіп, сөзге келіп қалудан сақтаныңыз. Қомақты қаржы жұмсар алдында сенімді адамдармен ақылдасқан жөн.

Тауешкі

Бүгін болашаққа деген жоспарларыңызды құрып, алға ұмтылуға қолайлы уақыт. Жіберген қателіктерді ретке келтіріп, ренжіткен адамдардан кешірім сұраған абзал. Жаңа істі бастамас бұрын ой елегінен өткізіп, ақылдасып шешіңіз. Сүйікті адамыңызға көп көңіл бөлуді де естен шығармаған абзал.

Суқұйғыш

Жоспарыңыз сіз ойлағаннан да  жылдам іске асады. Бірақ келер апта кішкене кідіруге тура келеді. Қалыпты жағдайдан ауытқитын сәттер жиі кездеседі. Бұл уақыт тәжірибені қолдануға, өзіңізді тануға мүмкіндік береді. Кез келген істі ойланып қолға алған дұрыс. Асығыс шешім шығынға алып келеді. Бұл тоқтап қалудың белгісі емес.

Балықтар

Жұлдыздар асықпай шешім қабылдауға кеңес береді. Шынайы мүмкіндікті дер кезінде аңғармасаңыз, сіз үшін қиын болуы мүмкін. Сонымен бірге жұмыс ауыстырып, бөтен аймаққа көшуіңіз мүмкін. Шешім қабылдамай, ұзақ жүріп алудан сақ болыңыз. Өйткені бұл күйзеліске әкеледі.