Тоқты

Қолдан келер іспен айналысыңыз. Аспандағы айға қол созудың қажеті жоқ. Үйде ұсақ-түйек істі атқарып, қаржылық мәселені біржақты етіңіз. Ақша жеткілікті болса, барлық мәселе шешілетін сияқты болғанмен, олай емес екенін уақыт келе түсінесіз.

Торпақ

Жағымсыз жаңалық орын алуы мүмкін. Аптада ашушаң боласыз. Ол сөзіңізден де, ісіңізден де байқалады. Десе де ешкіммен дауласпаңыз. Бұл жақсы әдет емес, ұстамды болуға тырысыңыз.

Егіз

Апта махаббатыңызды мойындап, романтикалық кеш ұйымдастыруға өте ыңғайлы. Отбасылы жандардың бала тәрбиесіне мән беріп, көңіл бөлгені абзал. Отбасында, жүрегіңізді махаббатқа толтырған адамдармен бірге өмірдің ең ғажайып сәттерін сезінесіз.

Шаян

Аптада қиындықтар орын алуы ықтимал. Дегенмен еңсеңізді түсірмеңіз. Әр қиындықтың бір қайыры болады. Бұл тығырықтан шығу үшін лауазымды тұлғаның немесе әріптестің көмегіне жүгіне аласыз. Бірақ қолұшын созған жандарды кейін ұмытып кетіп жүрмеңіз.

Арыстан

Бір нәрсені жасамас бұрын, отбасыңызбен кеңесіңіз. Кей сәттерде сіз ойлағандай болмай қалуы мүмкін. Апта соңы демалыс болғандықтан, өзіңізге толық демалыс сыйлаңыз. Үй шаруасын да кейінге ысырыңыз. Бассейнге барыңыз немесе салқын ванна қабылдаңыз.

Бикеш

Жоспарланған кездесуге тиянақты түрде дайындалып барыңыз. Айтар ойыңызды жинақтап, нақты нені ұсынатыныңызды алдын ала дайындап алыңыз. Бұл іскерлік кездесу сізге көп көмегін тигізеді.

Таразы

Сіз кез келген қиын тапсырманы оңай орындай аласыз. Достарыңызға көмек көрсетуден қашпаңыз. Апта іші жолға шығуға  қолайлы болмақ. Таза ауамен тыныстап, отбасылық демалысқа шыққан жөн.

Сарышаян

Қулығыңызды өзгелерден асырамын деп ойламаңыз. Себебі бұл өзіңізге зиян болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл аптада өзгелердің ығына ермеңіз. Өзіңіз нені дұрыс деп шешсеңіз, соны орындаған жөн.

Мерген

Өз кемшілігңізді ойлап бас қатырмаңыз. Керісінше өзіңізге деген сенімді күшейтіңіз. Сонда ғана жұмысыңыз да, жеке кәсібіңіз де алға қарай жылжиды. Кейде жағдай бақылаудан шығып кеткен сияқты көрінгенмен, бәрі де өз ретімен екенін ұғатын уақыт келеді.

Тауешкі

Аптада қызметіңізді жоғарылатуға немесе қаржылай қолдайтын жандардардан көмек алуға толық мүмкіндігіңіз бар. Тамақты талғап жеңіз. Пайдалы іспен айналысқан да кері әсер етпейді. Спортпен шығылдану сіз үшін пайдалы болмақ.

Суқұйғыш

Аптада ұсақ-түйек тірліктің барлығын бітіресіз. Әлдекімдерге алданып қалмаңыз. Майда-шүйденің барлығына мән беріңіз. Тіпті тиын-тебенді де санап жүрген жөн.

Балық

Күш-қуатыңыз мол болмақ. Белсенді болудан пайда көрмесеңіз, зиян шекпейтініңіз анық.  Көлік жүргізетін болсаңыз, жолда абай болыңыз. «Сақтансаң – сақтаймын» деген қағиданы қаперден шығарып алмау көп пайдасын тигізеді.