Конституциясы күніне орай Ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында «Қазақстан жастар фракциясы» қоғамдық қорының қолдауымен «Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы негізінде ұйымдастырылған «Елім менің» интеллектуалды сайысы қорытындыланды.
Сайысқа 4 команда қатысты. Атап айтсақ, «Жастар денсаулық орталығы», «Жастар ресурстық орталығы», «Ақпараттық талдау орталығы» және «Абзал и К» компаниясының командалары өзара бақ сынасты.
Аталмыш сайыс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең бойынша қатысушы командалар тарихқа саяхат жасаса, екінші кезеңде өлкенің тарихи ескерткіштерін еске түсірді. Ал шешуші үшінші кезеңде топтар логикалық сұрақтар бойынша өздерін сынап көрді.
Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды «Жастар ресурстық орталығы» иеленсе, жеңіске жетуге бір табан қалған «Жастар денсаулық орталығы» ІІ орынды қанағат тұтты. Ал 3 кезеңде оқ бойы озып шыққан «Абзал и К» компаниясының командасы жеңімпаз атанды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!