Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Даун синдромы бар балаларды ата-аналарымен бірге қабылдап, жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Шаһар басшысы кездесу барысында Елбасы мен Президентіміздің қолдауының арқасында елімізде ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларға барынша жағдай жасалынып жатқандығын айтты.

Сондай-ақ қаламыздағы инклюзивті білім алуға жағдай жасаған мектептердің үлесін арттыру мақсатында 2018 жылы Қызылорда қаласы бойынша жалпы білім беретін 54 мектептің 14-де инклюзивті білім беруге жағдай жасалса, бүгінгі күні 32 қала мектебінде арнайы мамандар жұмыс жасайтындығын жеткізді.

Сөз соңында қала әкімі балғындардың дендеріне саулық тілеп, балаларға жаңа жыл мерекесіне арналған сыйлықтарды табыстады.