Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығы бойынша жыл басынан бастап 2 159 шара өтті. Сондай-ақ, атқарылған шаралар негізінде – 28 381 жас қамтылып, кеңес алғандар саны – 8 386.

Сонымен қатар, жастармен тікелей және жедел байланысқа түсу мақсатында сенім телефоны жұмыс жасайды. Сенім телефонына қоңырау шалу арқылы жартарға кеңес, түрлі мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізіледі және психолог маманының көмегіне жүгіне алады. Сенім телефоны – 7 705 150 42 26.

Жастардың мақсатты топтарымен жұмыс жасауда оның ішінде, ерекше жағдайды қажет ететін балаларды және олардың ата-аналарымен жұмыс мүмкіндігінше назардан тыс қалған емес. Олармен ай сайын кездесулер өтіп, толғандырып жүрген сұрақтары бойынша арнайы мәселелер талқыланды. Айта кетейік, жыл басынан бері 6 кездесу ұйымдастырылды. Әрбір кездесу осыған дейін көтерілген мәселелерге байланысты әр сала өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Орталықтың ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Қайырымды істер марафоны» аясында 6347 шара өткізілді. Марафон аясында 31 отбасыға компьютер, 5840 отбасыға азық-түлік, 2 мерекелік концерт, 109 отбасыға тұрмыстық жиһаз, 338 отбасыға киім-кешек, 22 шара ардагерлерді ардақтайық, 2 спорттық шара, 2 қоғамдық қабылдау, 1 көрме ұйымдастырылды. Нәтижесінде, мүгедектігі бар жас жерлестерге 2 мүгедек арбасы, 4 балдақ беріліп, 6 отбасы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

Еске сала кетейік, облыстық жастар ресурстық орталығы жанындағы «Волонтерлар фронт-офисі» жанашыр жандардың үлесімен жинақталған 45 млн.-ға жуық қайырымдылық қаражатты үйлестірді және «30 игі іс» шарасы аясында Сыр жастарының қатысуымен Қызылорда облыстық қан орталығында «Донор бол» акциясы ұйымдастырылып, оған 300-ге жуық қан тапсырушы тартылды. Нәтижесінде 210 адамның қаны жарамды деп танылды.

Ғаламды шарпыған эпидахуалмен күресте де орталық мамандары белсенділік танытуда. Сонымен қатар орталыққа келушілерге де мамандар тарапынан ақпараттық-түсірдірме жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Сондай-ақ 16 маусымнан бастап, орталық ғимаратында сол жағалау тұрғындарына және мекеме қызметкерлеріне екпе егу пункті ашылды. Қазіргі таңда тұрғындарммен қатар «Болашақ» университеті, «Рухани жаңғыру» орталығы, «Оrda school» мектебі, «Ханшайым-ана» балабақшасының қызметкерлері вакцина қабылдады. Бүгінгі күнге дейін 200-ден аса адам өз еркімен екпе ектірді. Аталған бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Бірге таза Қазақстан» эко-акциясы аясында орталық ғимараты жанынан «Жастар аллеясы» бой көтеріп, 400-ге жуық көшет отырғызылды. Сонымен қатар, «Таза қала» эко-акциясына қолдау білдіру мақсатында бірқатар көпшілік орындарға және аллеялар мен саябақтарға, мемлекет қарауындағы ескерткіштер мен зираттарға сенбілік жұмыстары жүргізіліп, 10 000-нан астам көшеттер отырғызылды.

Жас отбасылармен жұмысты жүйелеу мақсатында «Жас отау» жас отбасылар клубы құрылды. Жыл басынан бері клуб мүшелерінің қатысуымен 6 кездесу өтті. Отбасындағы жиі орын алатын мәселелер клуб мүшелерімен талқыланып, алдын алуға бірлесе жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, клуб мүшелерінің қатысуымен жастардың неке қию рәсімі ұйымдастырылды.

Орталық ғимаратындағы әлеуметтік дүкенге қайырымдылық көрсетушілердің саны артып, оның қолдануға жарамды тауарлар базасы ұлғайды. Соларды әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға үлестіру үшін «Әлеуметтік жәрмеңке» ұйымдастырды Нәтижесінде, 170-тен аса отбасы қамтылды. Алдағы уақытта осы шараның көшпелі түрін ұйымдастыру жоспарда бар.