“ҚазҒарыш сапары” ғимаратында тіл мамандарының қатысуымен “Қазақстан тарихына шолу” тақырыбында кездесу кеші өтті.

Шара барысында ҚР Президентінің “Байқоңыр” кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының бөлім басшысы Г.Көшкембаева мамандарға жылы лебізін білдіріп, алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі. Кездесуде жас мамандар мен келген қонақтар өлең оқып, еркін пікір алмасты.