Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Жаңақорған ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ және “Қазақстан жастар фракциясы” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Жаңақорған кентінің орталық алаңында интеллектуалды сайыс өтті.

KAHOOT қосымшасы арқылы өткен «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына ‒ 30 сұрақ» сайысына 20-ға жуық кент тұрғыны қатысып, біліммен бақ сынасты. Сайыс соңында үздіктер қатарынан көрінген қатысушыларға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.