№198 орта мектепте мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мәселесіне арналған кездесу өтті. Іс-шара Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ  Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өңірде іске асыру мақсатында ұйымдастырылған.

Шараға «Қоғамдық келісім» КММ директорының кеңесшісі Ержан Уайс, ҚХА мүшесі Анжела Садықбекова, қазақ тілі пәні мұғалімі Гүлстан Бақтыбаева, бастауыш сынып мұғалімі Эльмира Мкртумэн және Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектебі директорының ғылыми-методикалық ісі жөніндегі орынбасары Әйгерім Қоңырбаева қатысты.

Қатысушылар мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бағытында сөз сөйлеп, баяндама жасады. Кездесу соңы сұрақ-жауап пен пікір алмасуға жалғасты. Айта кетейік, отызға тарта түрлі этнос оқушылары білім алатын Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектебі білім алушыларының 70 пайызы қазақ тілінде еркін сөйлейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!