Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, жиын онлайн форматта өтеді.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму жоспары бойынша 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдаған еді.

Экономикалық өсімді қалпына келтіру, инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері жөніндегі шаралар талқыланған болатын.