Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың жұмыс сапары Жалағаш ауданында жалғасты.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Дәуімбай учаскесіндегі бір пәтерлі үш бөлмелі несиелік 10 тұрғын үйді пайдалануға берді.

Шарада аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Кенжеғара Сүлейменов ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, қолдау танытқан аймақ басшысына алғысын айтты.

«Дәуімбай» учаскесіндегі бір пәтерлі 3 бөлмелі несиелік 10 тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Құрылысын мердігер мекеме «ИМАН» ЖШС жүргізді. Типтік жобада салынған баспананың құны – 115 млн. теңге. Жер көлемі – 1 гектарды құрайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!