Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Хайме Мунгия арасындағы жекпе-жектің қашан өтетіні туралы ақпарат тарады.
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя екі боксшы арасындағы кездесу бойынша келіссөздер жүріп жатқанын растады. Промоутердің айтуынша, жекпе-жек 5 мамырға белгіленіп отыр.
«Головкин – Мунгия жекпе-жегі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жекпе-жектің көпшілікке қызық болатыны сөзсіз. Жұрт асыға күтетін қызық кездесу», – деді промоутер.
Қазақстандық Геннадий Головкиннің Камил Шереметамен жекпе-жегі 18 желтоқсанда Флорида штатында өткен еді. Головкин 21-рет титулдарын қорғап қалған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!