Еліміздің заңнамасына тағы да өзгерту енгізіледі. Бұл жолы мемлекеттік тілді білмейтіндерді азаматтыққа қабылдаудан бас тартуды көздейтін түзету әзірленді, деп хабарлайды Taulik.kz.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бұл қабылданған заңнама туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты.

«Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға мемлекеттік тілді, тарих пен ұлттық заңнаманың негіздерін білмеуді азаматтыққа қабылдаудан және қалпына келтіруден бас тарту үшін қосымша негіз ретінде көздейтін, сондай-ақ қос азаматтығы фактілерінің алдын алуға бағытталған түзетулер әзірленді», – деп атап өтеді Үкімет басшысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!