«Ашық» НҚА порталында жарияланған облыс әкімдігінің қаулысы мен маслихаттың шешім құжатында осылай жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтың пікірін ескере отырып, облыстық әкімдік қаулысы мен маслихат шешіміне сәйкес, Шиелі ауданының Бәйтерек ауылдық округіндегі 22 разъезд ауылы Ынтымақ ауылы болып аталсын», – деп көрсетілген әкімдік пен маслихаттың бірлескен шешімінде.

Қоса кетейік, бұған дейін Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданындағы 2 ауыл мен 1 ауылдық округке қазақша атау берілген еді. Атап айтқанда, Донецкое ауылы – Анаркөл, Волгодонов ауылы – Елтоқ және Волгодонов ауылдық округі – Елтоқ ауылдық округі деп өзгерді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!