Енді Қазақстан азаматтары Amazon алаңында ашық сауда жасай алады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов facebook парақшасында жариялады.

– Amazon-мен келіссөздерді аяқтадық. Сонымен 20 мамырдан бастап біздің еліміз әлемдегі ең ірі электрондық коммерция платформаларының бірінде сауда жасауға «рұқсаты бар» тізіміне енгізілді. Орталық Азиядағы көршілерімізге де «бізбен бірге рұқсат алып» үлгергені жағымды жаңалық. Біз өз кәсіпорындарымызға, шағын және орта бизнесті тек өндірісте ғана емес, сонымен бірге болашақта біртұтас Орталық Азия бренді ретінде аймақ өнімін бірлесіп жылжытуға дайынбыз. Қазақстандық кәсіпкерлер төлемді тікелей қазақстандық банктер арқылы алып, өз елінің атынан сауда жасай алады, – дейді министр.

Amazon платформасында әлемнің 200-ден астам елі мен жүздеген млн белсенді клиенті бар. Онда 188 елдің сатушысы тіркелген. Өткен жылы оның таза сатылымы 386,1 млрд доллар болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!