Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындардың бірі көпбалалы отбасыларға арналған пәтерге кезекте әлі күнге тұрғанын айтып шағымданды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.

Оның айтуынша, ол кезектен үш рет алынып тасталып, керіден қайтарылған. Әйел кезектегі орындарды бөлуде сыбайлас жемқорлықтың ізі бар екенін жасырмады.

Сөзінің соңында алматылық келіншек қаланың жаңа жылдық безендірілуіне бөлінген 44 млн-ды әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға бөлуді сұрады әкімдіктен.

«Жаңа жыл біздің мерекеміз емес. Одан да ол ақшаны үйсіз жүрген халыққа бөлсін. Біздің мерекеміз – Наурыз. Наурызға солай бөлсе, қарсы емеспін», — дейді тұрғын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!