фото: Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өту

Биыл Қызылордадағы өңдеу өнеркәсібі 23%-ға өсім көрсетті, салада 13 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бұл туралы Қанат Шарлапаев өңір халықымен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды өнеркәсіп министрлігінің баспасөз қызметі.

«Сонымен қатар, биылғы жылдың он айында 700 мыңға жуық шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, сумен қамту және суды бұрудың 2 млрд теңгеге 5 жобасы, жылумен қамтудың 6 жобасына республикалық бюджеттен 6 млрд теңге қарастырылған», – деді министр.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі сұраққа Шарлапаев 2023-2024 жылда әлеуметтік осал топтарға арналған 4 мыңға жуық пәтер салынғанын айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!