Автокөлікті сатылымға шығаратын колеса сайтында ерекше мercedes S-класс көлігі сатылымға қойылды.
Сайттың мәліметінше, сатылымдағы мercedes көлігі 1993 жылы шығарылған. Өзге көліктерге қарағанда ерекшелігі көп. Біріншіден, бұл сайттағы ең қымбат мercedes-вenz 600 SEL (W140). Көлік 25 миллион теңгеге бағаланған, бұл сол жылдары шығарылған 600 SEL маркасының орташа бағасынан алты есеге қымбат. Екіншіден, седанның жүрісі 29 жылдан аса уақытқа бар болғаны 37 930 шақырымды құрайды. Алайда одан да қызық дерек, бұл Mercedes қазіргі иесінің айтуынша, бұрын 01 KZ нөмірімен Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты тасымалдаған. Жарнама авторы өз сөзін тіркеу деректер базасындағы скриншотпен, сондай-ақ мұрағаттық суреттер арқылы сатып алуға қызығушылығы артқандарға фактімен ұсынып отыр.
Сондай-ақ сату жарнамасында көлік брондалғаны айтылған. Автокөлік салоны сұр түсті былғарыдан және бүйір терезелері механикаландырылған перделермен жабдықталған. Алдыңғы және артқы орындықтарында жылыту механизмі бар.