Жылу ағып жатқан жерді анықтау үшін «Теплотранзит Қарағанды» мамандары орталық жылу жүйесін өшіруге мәжбүр болды.

Бүгін Қарағандыда жаңа салынған екі көпқабатты үй біраз уақыт жылусыз отырды. «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС кезекші қызметі жылу желілерін тексеру барысында ақауды анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі жаңа үйдің жылу құбырларында ақау бары жеке желілерді тексеру кезінде белгілі болды. Жылу ағып жатқан жерді анықтау үшін «Теплотранзит Қарағанды» мамандары орталық жылу жүйесін өшіруге мәжбүр болды.

«Жылу желілерін мониторингілеу кезінде «Теплотранзит» ЖШС кезекші қызметімен ақау анықталып – «Атамекен» ТК тиесілі жеке меншік желілерде судың кетуі анықталды. «Теплотранзит» ЖШС бригадасымен ақауларды жою үшін техникалық көмек көрсетілуде. Ақауларды шұғыл анықтап әрі жою үшін суды сорып шығару жүргізілуде, Дүйсембеков 83/1 және 83/2 мекенжайы бойынша екі көп пәтерлі тұрғын үйді жылытудың орталық жүйесінен ажырату жүргізілді. Ақаулар қысқа мерзімде жойылатын болады», – деп хабарлады Қарағанды қаласының әкімдігі.

Бірнеше сағаттан кейін ақаулар жойылып, пәтерлерге жылу жіберілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!