Qosyl қалалық жастар ресурстық орталы­ғында «Gol­den Qazaqstan» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдас­тыруымен Қызылорда қаласының құрметті ардагерлеріне арналған «Ардақты біздің қариялар» атты іс-шара өтті.
Шарада облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев және қалалық арда­герлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев жастарға ғибратты әңгімелер айт­ты.
Сондай-ақ ардагерлерге “Тәуелсіз Қазақстанның дамуына, еліміз­де азаматтық қоғамның қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесі” үшін алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды. Шара соңында арда­герлер арасында ұсыныс-пікірлер айтылып, өзара кеңес жүргізілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!