Осыдан біраз жыл бұрын қоғамда газет, кітап оқу мәдениеті жоғары еді. Бала күнімде апта сайын келетін «құтты қонақты» қуана қарсы алып, алдымен үлкендер оқиды деген тәртіппен үйге қарай алып-ұшатынбыз. Бір қызығы, сол уақытта газеттің барлық бетіне түгел көз жүгіртіп, содан соң дастарқан басында талқылау ең жақсы дәстүр болатын.

Қазіргі таңда мен колледж студенттермен бірге түрлі тақырыпта тәрбие  жұмыстарын жүргізіп, білім сапасына жіті мән беруді дағдыға айналдырдым. Жаңа ғасырды технологиялар уақыты десек, жастардың смартфон мен компьютерге деген қызығушылығы жоғары екені айтпаса да түсінікті. Цифрлы дәуірде олардың желіні көп пайдаланғаны үшін де кінәлауға болмас. Бірақ жастардың басылымнан бірте-бірте алшақтап бара жатқаны жиі байқалады. Осы орайда газет оқу дәстүрі мен технологияның тілін білуді бірқалыпта ұстап, күнделікті дағдыға айналдыра алсақ, қандай ғанибет?! Міне, баспасөзге жазылу науқаны аяқталып келеді. Жақсы жаңалықты естіп, колледждегі оқытушылар мен студенттерді түгел құлақтандырып шықтым. Жазылушылар тізімі толығы түсті. Мұның өзі басылымның қадірі ешқашан жоғалмайтынын көрсетсе керек. 

Олжас РАМАЗАНОВ,

«Болашақ жоғары» колледжі директорының

тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!