Тұтас бір ғалам жаратылғанда алғаш қаламның да бірге пайда болғаны жиі айтылады. Адамзаттың ақыл-ойынан қуат алған сол қалам күні бүгінге дейін жер жаһанның, мемлекеттің, қоғамның бар болмысын басылым бетіне сыйғызып келеді. Осыдан-ақ баспасөздің қоғамдағы маңызын түсінуге болады.

      Қазіргі уақыт ақпараттың алақұйын дәуірі екені айтпаса да белгілі. Дүрбелеңі көп дүниеде ақпараттың ақ-қарасын ажыратып, сараптама жасауда баспасөз өлшеусіз еңбек етіп келеді. Осы орайда газет-журналдың жастарды тәрбиелеуде ең мықты идеологиялық құрал екенін айта кеткен жөн.  Сол үшін бүгінгі ұрпақты ұлттық тәрбиеге үндеп, халықты ел бірлігіне, жарқын болашаққа шақыратын басылым әр үйден табылса игі.

Қуаныш Дәуренбеков,

Болашақ университетінің ректоры

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!