Тарихтан білетініміздей, тасқа қашап жазылған дүниенің ешқашан құны жоғалмайды.Газет те сондай. Архивтерден парақтап, өткенге оралуға болады. Бүгінде облыстың басты басылымына айналған «Сыр бойы» газетінің бұрынғы сандары цифрландырылғаны қуантады. Бұл мерзімді басылымдардың ақпараттық технологиямен бірге қатар дамып келетінін дәлелдейді.

Бүгінде жастармен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, «Ақмешіт жастары» газетінің тұрақты оқырмандарының бірімін. Газетте өскелең ұрпақтың тәрбиесі, білімі туралы мәселелер жиі көтеріледі. Менің ойымша, газет жастарды жарыққа шығарып, өздеріне мотивация алуға ықпал етті. Әрдайым облыстағы жастардың өмірі жайлы креативті түрде жазылады. Бұндай материалдар жастардың әрбір жетістігінің артындағы еңбекті бағалау, одан да көбірек жұмыс жасауға серпіліс, ал басқа жас оқырмандарға шынайы мысал және өзіне, қоғамға пайдасын тигізетін істермен айналысуға сенім береді. Сонымен қатар газеттің ұйымдастырушылық қабілеті де қатты ұнайды. Үнемі жаңалықтарды өз уақытында қызықты етіп беріп отырады. Біздің Қызылорданың тұрғындары оқығанда үнемі өздерін жас сезініп, үлкен күш пен энергия алатын «айна» деп білемін.

Сымбат ӘДБІРАХМАНОВА,

облыстық жастар ресурстық орталығы

отбасы және бұқаралық спортты

дамыту бөлімінің басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!