ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының бастамасымен бастау алған «Көшпелі керуен» қайырымдылық акциясы шиеліліктерге де жылулық сыйлады.

Атап айтар болсақ, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Шиелі аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен аудандағы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік қоржындары таратылып, 8 мұқтаж жанұяға 4 тонна көмір жеткізілсе, науқас сәбиге үміт сыйлау мақсатында дәрі-дәрмегін алуға 100000 тг көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Ауданға жұмыс сапарымен барған облыстың Сыр өңірінің Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы игі шараға арнайы қатысып, мұқтаж отбасыларды зиярат етті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!