«Nur Otan» партиясының Қазалы аудандық филиалында «Қоғамдағы әкелердің рөлі» тақырыбында зиялы қауым өкілдерімен кездесу болып өтті.

Кездесуді аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы ашып, жүргізіп отырды.

«Қоғамдағы әкелердің рөлі қандай?» деген сауалдағы кездесуге түрлі салада қызмет ететін, отбасының ұйытқысы, қоғамның құрметтісі болып жүрген азаматтар мен жас отбасын құрған әкелер қатысып, әке мен бала арасындағы тәрбиенің маңызы, қоғамдағы әкелердің белсенділігі мен рөлі жайында талқылады.

-Отбасындағы да қоғамдағы да әкенің рөлі өте зор. Олардың орны төрде. Жасыратыны жоқ, соңғы кездері отбасындағы әкенің беделі төмендеп кетті. Аналардың рөлі бірінші орынға шығып, ұлдарына айбарын көрсетіп, жұбайына нық сөзін айтатын жігерлі жігіттер қатары сиреді. Сондықтан, балаларына, жарына бәрін назарымен-ақ түсіндіретін бұрынғы әкелердің рөлін қайтару керек,-деді денсаулық сақтау саласының ардагері Орақ Кеубасов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!