Президент халыққа Жолдауында «Тәуелсіздік жылнамасының үшінші онжылдығы оңай болмайтындығы қазірдің өзінде айқын» деп атап өтті.

«Біз тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиындықтарды жеңіп келеміз. Мұның бәріне берекелі бірлік пен еселі еңбек арқылы жеттік. Еліміз тәуелсіздік жылнамасының үшінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Бұл кезеңнің оңай болмайтындығы қазірдің өзінде айқын байқалуда. Кез келген сын-қатерге дайын болуға тиіспіз. Тынымсыз ізденіп, ұдайы алға ұмтылуымыз қажет», – деді Мемлекет басшысы.