Қызылорда облыстық Полиция департаменті қызметкерлері мен Ардагерлер кеңесі тыл ардагерлерін құттықтады.

Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күндері қарсаңында Қызылорда облысы Полиция департаменті Ардагерлер кеңесімен бірлесіп Ішкі істер органдарында қызмет атқарып, абыроймен зейнетке шыққан тыл ардагерлерін мерекемен құттықтады.

Мереке қарсаңында тыл ардагерлеріне Полиция департаменті мен Ардагерлер кеңесінің атынан «Алғыс хаттар», ақшалай сыйақы, азық-түлік себеттері табысталды.

Ал ардагерлер, өз кезегінде, әріптестеріне ерекше көңіл бөліп, құттықтаулары үшін алғыс айтып, оларға денсаулық, бақыт және амандық тіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!