Жамбыл облысында орын алған жағдай қазақстандықтарды қатты алаңдатып отыр. Естеріңізде болса, Арыс оқиғасы әрбір қазақтың жүрегіне батып, қабырғасын қайыстырған қайғылы оқиғаға айналған еді. Дәл сол секілді, Әулиеата жеріндегі жағдай Сыр жастарын да алаңдатып отыр.

Бастарына қиын-қыстау күн туғанда бір-біріне бауырмалдық, қайырымдылық, ауызбіршілік ұстанымдарын көрсету – халқымызға тән асыл қасиет. «Тас түскен жеріне ауыр» деген, осы бір ауыр кезеңде жамбылдық тұрғындарды сабырға шақыра отырып, қиындықтар мен ауыртпалықтардың бетін аулақ қылсын деген ізгі тілегімізді арнаймыз. Сыр жастары қандай да болсын, көмек қолын созуға әрқашан дайын.